Редакциясына хабар-ошарсыз кеткен Нұрислам Ақылбековтың туыстары көмек сұрап хабарласқан. Олардың айтуынша, жігіт 2 шілде күні тауға шығып, сол күйі оралмаған.
18 жастағы жігіт достарына жалғыз емес екенін, жанында тағы бір досы бар екенін ескерткен. Алайда Нұрислам досының аты-жөнін айтпаған.
Студент жоғалғаннан кейін бірнеше күн өткен соң туыстары полицияға жүгінді.
«2 шілде күні сағат 15:02-де жігіт Алма-Арасаннан өтті. Оның телефоны 4 шілдеде сағат 21:59-да Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы маңында сөндірілді», — деп мәлімдеді ТЖМ.
Таудағы іздеу шаралары жүріп жатыр. Жастарды Алматы ПД, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің өкілдері мен еріктілер іздеп жатыр. Кеше, 7 шілде күні сағат 13:50-де Алматы қаласының санитарлық авиация қызметінің тікұшағы да іздеуге шықты. Экипаж құрамында төрт адам бары айтылды.
Айта кетейік, қаңтарда ҚБТУ ғимараты өртке оранған еді.