Сауда және интеграция министрлігі хабарлауынша, қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде.
Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазақстан мақсаты — нарыққа қол жеткізу және сауда шарттары мәселелері бойынша келісілген шешімдер қабылдау.
"Қазіргі уақытта АҚШ тарапы Қазақстан ұсыныстарын қарастыруда және келіссөздерді өткізу күні туралы хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында АҚШ-пен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын" - делінген ақпаратта.
Анықтама: Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4% - ға жоғары (4,1 млрд. АҚШ).
Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл. (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн. АҚШ доллары
(16,4%), күміс - 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн.АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн. АҚШ (0,89%)және басқалар.
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 418,2 млн. АҚШ доллары болды.