Мәзір
Бүгін, 18:16 / BuginMedia / Саясат

Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Ттқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды buginmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады Тоқаев Назарбаевты мерейтойымен құттықтады
Фото: khabar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған. 

«Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен», – делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі. 

Апта талқысында: