Оқиға 27 маусым күні болған.
«Бәрі таңғы сағат 10-да болды, ол мені бір сағат бойы белбеумен сабады. Белбеу үзіліп қалғанда басқа белбеумен ұрып-соқты. Мен пәтерден қашып шыға алмай, «көмектесіңдер, құтқарыңдар, мені өлтіріп жатыр» деп айғайлай бастадым. Даусымды естіген көршілер мені құтқарып қалды. Мен оны қатты жақсы көргендіктен бұл жағдай туралы айтуға қорықтым. Бірақ ол өз іс-әрекетіне еш өкінген жоқ. Денедегі жарақаттың барлығы тіркелді, ертең арыз жазамын. Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, «менің оған еш шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары маған қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Мен не істерімді білмеймін», - деп жазған рэпердің жұбайы.
Қазір Аружан күйеуі елден қашып, жауапкершіліктен құтылып кете ме деп алаңдайтынын айтып, адвокаттардан көмек сұраған.
Qurt – 24 жастағы рэпер. Ол алғашында тәуелсіз әртіс ретінде өнер көрсетті, кейін Ozen қауымдастығына қосылды. 2020-2021 жылдары ол Скриптониттің Musica36 лейбліне қосылды. Ол Скриптонитпен “Сумки” әнін шығарды.