Мәзір
2 шілде, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

Танымал әншіге 6 айға дейін сахнаға шығуға тыйым салынды

Әнші Жолдасбек Абдиханов 25 маусымда денсаулығына байланысты ауруханаға түсті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Танымал әншіге 6 айға дейін сахнаға шығуға тыйым салынды Танымал әншіге 6 айға дейін сахнаға шығуға тыйым салынды
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Оның көмекшісі Әділеттің айтуынша, көпқабатты үйдің лифті кенеттен техникалық ақауға байланысты тоқтап, қатты сілкініс болған. Бір сәттік соққыдан мойын және омыртқа аймағына зақым келіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Алғашқы диагноз – омыртқа-аралық дискі қозғалысы, жүйке қысылуы, мойын-бел жарақаты. Бұл – жеңіл жарақат емес. Қозғала алмауы, бас айналуы, сөйлеу қиындықтары бар. Қазір толық тыныштықта, арнайы аппаратпен емделіп жатыр. Дәрігерлер 4–6 айға дейін белсенді жұмысқа, сахнаға рұқсат бермеді.
 

"Соған байланысты барлық шығармашылық жұмыстары уақытша тоқтатылды. Біз оның тез сауығып, халық алдына қайта шығатынына сенеміз. Сіздердің дұғаларыңыз ауадай қажет. Жоспарланған, уәделескен жұмыстары тоқтап қалғаны үшін - баршаңыздан кешірім сұраймыз", - деп жазды көмекшісі.

Апта талқысында: