Мәзір
30 маусым, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Алдағы үш күнде 44 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады buginmedia.kz.

Алдағы үш күнде 44 градус ыстық болады Алдағы үш күнде 44 градус ыстық болады
Фото: YouTube

Синоптиктердің болжамынша, республика аумағының басым бөлігінде ауа райына циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді. Жаңбыр, найзағай күтіледі.

«1 шілдеде еліміздің батысында және шығысында, 3 шілдеде солтүстік-батысында бұршақпен бірге қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар, батыс және оңтүстік өңірлерде желдің күшеюі, шаңды дауылдар болуы мүмкін», - делінген синоптиктер болжамында.

Күндізгі уақытта термометр бағандары оңтүстік-шығыста 35-39 градус аптап ыстықты, 2-3 шілдеде орталықта 35-38 градусты, оңтүстікте 40-44 градусқа дейінгі қатты ыстықты, 3 шілдеде солтүстікте 30-35 градус жылыны көрсетеді.

Апта талқысында: