Мәзір
27 маусым, 2025 / BuginMedia / Экономика

2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға өсетінін айтты,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі 2026 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы 10%-ға өседі
Фото: kapital.kz

"Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне байланысты 10 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. 2026 жылға арналған бюджетте бұл мақсатқа 622 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған", - деді министр.

Оның айтуынша, базалық және ынтымақты зейнетақы алатын барлық адамның зейнетақысы көбейеді.

"Сондай-ақ мүгедектігі бар жандарға, балаларға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға берілетін төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша төленетін жәрдемақылар артады. Негізгі базалық көрсеткіштер ұлғайтылады", - деді парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Светлана Жақыпова.

Апта талқысында: