Айтуынша, екі елдің арасында күдіктілермен алмасу бойынша келісім жоқ. Әзірге олар Қазақстанның консулымен кездеспеген, жергілікті заң бойынша оларға қорғаушы берілген.
«Екі арада келісім жоқ болса да, Индонезияға ресми сауал жолдаймыз. Егер жауап берсе, соның негізінде екі жақты қарым-қатынас жалғасады. Әзірге екі азаматқа қатысты қандай шешім шығатынын күтеміз. Содан соң жұмысты жалғастырамыз», – деп жауап берді ол сенатта журналистердің сұрағына.
Айта кетейік, бұған дейін Индонезияда есірткі бизнесімен айналысқан екі қазақстандық ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.