Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді, деп хабарлайды buginmedia.kz.
Шымкенттегі қонақ үй кешендерінің бірінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, ол Астана қаласының тұрғыны, белгілі асаба болған.
Тінту кезінде қонақ үй бөлмесінен ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған полимер пакет және өсімдік тектес зат табылып, тәркіленген.
Полицияның мәліметінше, ер адаммен бірге алдын ала ақпарат бойынша интимдік қызмет көрсеткен әйел де болған.
Ұсталған азамат тәркіленген заттарды мефедрон және «мак» деп таныған. Оның айтуынша, заттарды жеке қолдану үшін сатып алған.
Қазіргі уақытта тәркіленген заттардың нақты құрамы мен мөлшері анықталып жатыр.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.