Көліктегі полиция депараментінең мәліметінше, 2025 жылғы 23 маусым күні сағат 19:18-де Алматы облысындағы «Ақсеңгер - Бұрындай» аралығында жолаушылар пойызы белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтпек болған екі адамды қағып кеткен. Ауыр дене жарақаттарынан олар оқиға орнында қаза тапты.
"Аталған факті бойынша Алматы-1 стансасындағы желілік полиция басқармасы ҚР ҚК 344-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген ақпаратта.
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.