Мәзір
23 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты
Фото: kaztag.kz

"22.06.2025 шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қаза тапты", - делінген Көлік министрлігі таратқан ақпаратта.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін қолданыстағы ережеге сәйкес авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері
авиациялық оқиғаға орнына барады.

Апта талқысында: