Мәзір
20 маусым, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Павлодар облысында үш қала мен үш ауданда дауыл салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Павлодар облысында дауыл салдарынан облыстың Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Баянауыл, Павлодар, Май аудандарында төтенше жағдай ренжимі жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Павлодар облысында үш қала мен үш ауданда дауыл салдарынан төтенше жағдай жарияланды Павлодар облысында үш қала мен үш ауданда дауыл салдарынан төтенше жағдай жарияланды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Әкімдіктің мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар өңірдің бірқатар елді мекендерінде соққан дауыл салдарынан келген залалды бағалау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Комиссиялар залал келтірілген орындарға барып, зардап шеккен азаматтардан өтініштер қабылдап жатыр.

«Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыстың үш қаласында және бірқатар ауданында ТЖ режимі жарияланады. 20-30 маусым аралығында апаттың салдарын жою бойынша өтініштер қабылданатын болады. Павлодарда өтінімдер келесі телефон нөмірлері арқылы қабылданады: 109, 112, 32-36-92», – делінген ақпараттық хабарламада.

Дауылдан зардап шеккен жеке үйлердің тұрғындарына 100 АЕК (393 200 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көзделген.

Төлемді алу үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

ТЖБ анықтамасы (6 ай бойы жарамды);

мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;

банктік шоттың болуы туралы хабарлама;

жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы).

Құжаттарды тапсырып, қажетті кеңестерді төмендегі мекен-жайлар бойынша алуға болады:

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 — Оpen Pavlodar фронт-кеңсесі, №3 үстел;

Ақсу қаласы – Пушкин көшесі, 70/2;

Екібастұз қаласы – Энергетиктер көшесі, 62 тел: 34-77-04, 87757100291(WhatsApp);

Баянауыл ауданы – Баянауыл ауылы, Қ. Сәтбаев, 45. Азаматтарды қабылдау орталығы, тел: 87779393500, 87712168242, 87184091203;

Павлодар ауданы – Қайырбаев көшесі, 32., тел. 87051527967, 32-20-89;

Май ауданы – Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 34, 87473708518.

Айта кетейік, кеше Павлодар облысында екпіні секундына 43 метрге дейін жететін дауыл тұрып, электр желілері зақымдалды, шатырлар қирады, ағаштар құлады. Өкінішке орай, бір адам қайтыс болып, 18 адам зардап шеккен.

Апта талқысында: