Мәзір
15 маусым, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ақтауда ер адам көлігінен өлі табылды

Ақтауда 32 жастағы ер адам көлігінен өлі табылды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ақтауда ер адам көлігінен өлі табылды Ақтауда ер адам көлігінен өлі табылды
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Әлеуметтік желіде ұлы көз жұмғанын  айтып, көмек сұраған Ақтау тұрғынының үндеуі жарияланды.

«Көмектесіңіздерші! Сәрсенбі, 11 маусымда ұлым өлтіріп кетті. Мүмкін біреудің көлігінде бейнежазба бар шығар: сұр «девятка», мемлекеттік нөмірі P947NAM. Қозғалыс: бесінші сорғы станциясы, «Орбита» спорт кешені, өндірістік аймақ. Кім не біледі, көмектесіңіздерші», – делінген хабарламада.

Маңғыстау облысы ІІД Қазақстан Қылмыстық кодексінің 001-бабы – «Адам өлімі» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Кеше, 14 маусымда 102 пультіне қоңырау түскен. Көліктен 1993 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», - делінген облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Апта талқысында: