Мәзір
12 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Маған бір тиын керек емес»: Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек

Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бергісі келеді. Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Маған бір тиын керек емес": Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек "Маған бір тиын керек емес": Шерзат Полаттың әкесі сотталғандардан түсетін қаржылай өтемақыны балалар үйіне бермек
Фото: видеодан алынды

Адвокат Қаржаубай басынан қаржылай өтемақыға қызықпағанын, бар болғаны ұлының атына кір келтірмеуді сұрағанын жеткізді.

"Қаржайбау - адал азамат. Басында "баламды олар қараламасыншы" деп келген еді. "Маған бір тиын қажет емес, қылмыспен келген ақша"деді. Ақша түсетін болса, оны балалар үйіне немесе басқа жерге аударамын" деді. ", - дейді ол.

 

Апта талқысында: