Мәзір
5 маусым, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Шерзат Полаттың өліміне кінәлі деп танылған 9 күдіктіге сот үкімі шықты

Талдықорған сотында судья Ержан Жанұзақов 16 жасында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың өліміне қатысты 9 күдіктіге үкімді жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шерзат Полаттың өліміне кінәлі деп танылған 9 күдіктіге сот үкімі шықты Шерзат Полаттың өліміне кінәлі деп танылған 9 күдіктіге сот үкімі шықты
Фото: видеодан алынды

Сотталушылар 1,5 жылдан 23 жылға дейін сотталды.

Қылмыстық істің басты фигуранты  Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық), 24-бабы 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.

Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), 99-бап 2-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша 20 жылға сотталды.

Азамат Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), қосымша 188-бап (ұрлық) бойынша бұрынғы соттылықтарын ескере отырып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрқиас Ілиясов – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық), бұрынғы соттылығына байланысты 9 жылға сотталды.

Шыңғыс Белғожаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.

Дархан Әскентай – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Нұрбол Тоқтаубаев – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға сотталды.

Дидар Қалиахмет – 293-бап 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 айға сотталды.

Еске салайық, 2024 жылдың 4 қазанында Талғар қаласында 16 жастағы Шерзат Полатты топтық төбелес кезінде өлітірп кетті. Бұл оқиға қоғамда резонанс тудырды..

Апта талқысында: