Кеген Тұрсынбаев сараптама нәтижелері жақын арада шығатынын мәлімдеді.
«Балалардың әкесі жұмыста болған, ал анасы оларды сыртынан құлыптап, дүкенге кеткен. Балалардың ойынынан өрт шығуы мүмкін. Сараптама жақында аяқталады. Жұмыс жалғасып жатыр», — деді Тұрсынбаев.
Вице-министрдің айтуынша, өткен жылы қыркүйекте отбасы тұрып келген бұрынғы үйге газ есептегіштері орнатылған. Алайда шамамен бір ай бұрын олар жаңа үйге көшіп келген.
Айта кетейіік, Батыс Қазақстан облысындағы ауылда бес бала көмірқышқыл газынан уланып, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 4 маусымда күндіз Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында болған.