Адвокат Қаржаубайдың қолында ұстап жүрген ас пышағы сараптама жасауға алынбаған деп есептейді.
"Бейнежазбадан оның қолында қандай ұзын пышақ болғанын көріп отырмыз. Сараптамаға «десертный» пышақ беріп отыр. Оны үлкен теледидармен көргенде көрініп-ақ тұр. Енді неге ол адам жасырып қалды. Неге жоқ қылды? Соған қарап, адамның басына ой келеді сол пышақ, мүмкін, Қаржаубайдың қолында жүргенде бір-бірімен итерісіп, «папа, кедергі болма!» деп папасын сүйреп жүргенде нақақтан-нақақ, абайсызда тиіп кетуі мүмкін сол пышақ. Біз оны неге жоққа шығарамыз? Неге оған сараптамамен тиянақты жауабын алмаймыз? Оған сараптама жасалмай қалған. Неге жасырды, осының артында бір гәп бар деп ойлаймын. Сол пышақтың қатысы жоқ екенін анықтау үшін, тым болмаса, сараптама тағайындау керек еді. Сол оқиға болғаннан кейін баласы қайтыс болып жатыр, Қаржаубай компьютердің тінтуірін іздеп жүр. Шұғыл арада неге? Оны да түсінуге болады, жасырып қалу керек болды, бірнәрсені өшіру керек болды», – деді ол