Мәзір
30 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Демалыс күндері Қазақстанда 40 градус ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 31 мамыр - 2 маусымға ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Демалыс күндері Қазақстанда 40 градус ыстық болады Демалыс күндері Қазақстанда 40 градус ыстық болады
Фото: ruzaevka-rm.ru

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болжанады: жаңбыр мен найзағай, екпінді жел, күндізгі уақытта бұршақ күтіледі.

«1 маусым күндіз еліміздің оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 2 маусымда батысында, оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батысында, солтүстік-батысында қатты ыстық басылуы күтілуде. ҚР қалған аумағында ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтілуде, күндіз еліміздің орталығында, оңтүстігінде 35-40 градус қатты ыстық болады деп болжанып отыр», - делінген синоптиктер болжамында.

Апта талқысында: