“Сотта Нұрбекова куәгер ретінде орысша жауап беріп, тергеудегі қазақша жауабынан бас тартты.Алайда тергеу кезінде берген жауабынан қазақша жақсы түсінетіні анықталды. Оқиғадан кейін Нұрбекова сотталушылармен бірге көлікте отырып, бейнежазбада әңгімеге белсенді араласып, өз ойын айтқан. Ешкімнің тарапынан оған шектеу қойылмаған”, – деді адвокат.
Айтуынша, Нұрбекованың әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 421-бабы 2-тармағына сәйкес – сотқа көрінеу жалған ақпарат беру, сондай-ақ 434-бапқа сәйкес – ауыр қылмыс туралы хабарламау белгілері бар. Сондай-ақ адвокат екінші куәгер – Дана Жақсыгелдіге қатысты да ҚК 434-бабы бойынша қаулы шығаруды сұрады.