Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті порталында шықты.
“Алмабек Қанат. Туған күні: 1984 жылғы 10 сәуір, жынысы — ер адам, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ. Іздеу ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген, өңір — Алматы облысы. Іздеуді бастаған орган — Ішкі істер министрлігі, іздеуді жүргізетін орган — Қарасай ауданының полиция басқармасы, — делінген Алмабекке қатысты іздеу дерекқорында жарияланған ақпаратта.
Сондай-ақ Әбдіғапаровқа қатысты ақпарат та жарияланған.
"Әбдіғапаров Данияр Амалбекұлы. Туған күні: 1982 жылғы 1 наурыз, жынысы — ер адам, Қазақстан Республикасының азаматы, ұлты — қазақ. Іздеу ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген, өңір — "Алматы облысы". Іздеуге бастамашы орган — Ішкі істер министрлігі, іздеуді жүргізетін орган — Қарасай ауданының полиция басқармасы", — делінген ақпаратта.
Еске салайық, бұған дейін 2023 жылғы қаңтарда базардың бұрынғы төрт басшысы:
1982 жылы туған Данияр Әпдіғапаровқа,
1982 жылы туған Жұмадин Патовқа,
1984 жылы туған Қанат Жақаевқа
1986 жылы туған Айдос Нұрқалиевқа Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.