Диас Советқалиұлы – өз ісінің шебері, отандық спорт журналистикасының дамуына сүбелі үлес қосқан білікті маман еді. Ол кәсіби біліктілігімен, жоғары жауапкершілігімен және адал еңбегімен әріптестері арасында үлкен сый-құрметке ие болды.
Еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Qazaqstan» телеарнасы мен «Хабар» агенттігінде спорт журналисі қызметін атқарды. «Qazsport» телеарнасын алғаш басқарғандардың бірі.
Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.