Мәзір
21 мамыр, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Сотта Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді

Бүгін сот отырысында Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

Сотта Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сотта Шерзаттың мәйітінің суреті көрсетілді
Фото: отбасының жеке ахивінен

Жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев Шерзаттың анасы Гүлбара Бейшембиева баламның бетінде және саусақтарының арасында жарақаттар болды деді. Мына жарақаттар туралы не айтасыз деп, марқұмның мәйітінің суретін көрсетті.

“Менің қолым тиген жоқ Шерзатқа, Шерзат мені ұрған жоқ”, – деп жауап берді басты сотталушы Абзал Шынасыл.

Айта кетейік, бұған дейін ол марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевқа үш рет пышақ салғанын айтқан болатын.

«Шерзатпен бірге Нұрқанат қаша бастады, алайда Шерзат құлап қалды. Сол кезде мен оны ұрып-тептім, сосын Нұрқанатқа үш рет пышақ салдым. Бұны мойындаймын», - деді сотталушы.

Апта талқысында: