Мәзір
Бүгін, 19:31 / BuginMedia / Әлеумет

Атырауда тағы бір блогер ұсталды

Қазақстанда тағы бір блогер ұсталды, деп хабарлайды Buginmedia.kz.

Атырауда тағы бір блогер ұсталды Атырауда тағы бір блогер ұсталды
ChatGPT жасаған сурет

"Ақ Жайық" басылымы мәліметінше, Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен блогер ұсталған.  Ол жалған ұтыс ойындары мен қайырымдылық жасау желеуімен оқырмандардан ақша жинап отырған.

Полиция мәліметінше, әйел әлеуметтік желілерде тұрмыстық техника, тәттілер және зергерлік бұйымдар секілді бағалы сыйлықтары бар лотереялар туралы хабарландырулар жариялаған. Сонымен қатар, ол көпбалалы отбасыға үй салу үшін қаражат жинау бастамасын көтерген. Қатысу шарттары бойынша көрсетілген шотқа белгілі бір соманы аудару керек болған.

Алдын ала деректер бойынша оның "белсенділігі" 2023 жылдың қыркүйегінде басталған. Қазіргі уақытта 50-ден аса жәбірленуші анықталған. Кейбір жағдайларда залал сомасы 400 мың теңгеден асқан.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Апта талқысында: