Мәзір
16 мамыр, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

«Кешірім беру қарастырылған»: адвокат жәбірленуші тарап кімді кешіруге дайын екенін айтты

Шерзат Полаттың сотында бүгін кәмелет жасына толмаған баладан жауап алынды,  деп хабарлайды Buginmedia.kz.

"Кешірім беру қарастырылған": адвокат жәбірленуші тарап кімді кешіруге дайын екенін айтты "Кешірім беру қарастырылған": адвокат жәбірленуші тарап кімді кешіруге дайын екенін айтты
Фото: видеодан алынды

Думан Ысқақтың айтуынша, оқиға болған түні Нұрбол Тоқтаубаевтың өтінішімен көлік жүргізген, төбелеске араласпаған. 

"Жәбірленуші тараптан кешірім беру қарастырылған. Бірақ сізге бірқатар сұрақтарымыз бар. Тергеуде берген жауабыңызға сәйкес, Нұрбол сатушының інісіне ініңді шақыра салшы, Дарханнан кешірім сұрай салсын деді. Себебі сатушының баласы Дарханды біз келмей тұрып ұрып жіберген екен депсіз. Осы жауабыңызда қаласыз ба", - деп сұрады жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев.

Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақ "иә" деп жауап берді. Сондай-ақ, Нұрқанат Ғайыпбаев та Шерзаттың келетінін, кешірім сұрайтынын айтқанын жеткізді.

Сотталушыларға тағылған айып: 

Абзал Шынасыл – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу), 293-бабы (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)

Равиль Сәкиев – ҚК 99-бабы (Адам өлтіру), 24-бабы (Қылмысқа дайындалу және оқталу)

Азамат Тоқтаубаев – ҚК 293-бабы (Бұзақылық), 188-бабы (Ұрлық)

Дидар Қалиахмет, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов – ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау)

Думан Ысқақ (кәмелет жасына толмаған) – ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау)

Сот күдіктілерді кінәлі деп таныса, олар 5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылы 4 қазанда Талғар қаласындағы отбасы жалға алып отырған дүкен маңында өлтірілген. Сатып алушылардың бірімен болған жанжалдың аяғы төбелеске ұласып, Шерзат пышақ жарақатынан мерт болған. Немере ағасы жараланған. 

 

Апта талқысында: