Шенеуніктің әйелі күйеуінің оқиғасынан кейін жүрегі қатты соғып, алаңдап жүргенін айтты.
«Ұзақ уақыттан кейін алғаш рет жүрегімнің «тук-тук» деп соғып тұрғанын естіп тұрмын. Бірақ бұл жолы «тук-тук» деп емес, «туууук, тууууук» деп барабанның соққысы сияқты естіліп тұр.
Жүрегімнің соққысын үнемі сеземін. Бірақ ересек өмірімде алғаш рет дәл осылай жиі әрі қатты естіп отырмын. Білесіз бе, балалық шақта бірнәрседен қатты қорыққан секілді», - деп жазды Маржан Смайылова.
Еске салайық, 21 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Шымкент қалалық әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Шенеунік жамбасы мен иығынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Берденовке ота жасалып, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Полицейлер күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.