Мәзір
28 наурыз, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Жамбыл облысының Меркі ауданында екі рет 5 балдық жер сілкінісі болды

Бүгін, 28 наурыз күні түнде Жамбыл облысының бірқатар аудандарында жер сілкінді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Жамбыл облысының Меркі ауданында екі рет 5 балдық жер сілкінісі болды Жамбыл облысының Меркі ауданында екі рет 5 балдық жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, жер Астана уақытымен түнге сағат 03:42-де сілкінген.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағынан 323 шақырым жерде орналасқан. Жамбыл облысы Меркі ауданында 5 балл, Құлан ауданында 4 балл, Шу, Төле би, Сарыкемер, Тараз, Қордай, Аса және Мойынқұм аудандарында 2 балл», - деп хабарлайды ТЖМ.

Түстен кейін Жамбыл облысында 5 балдық жер сілкінісі қайталанды.

Апта талқысында: