Мәзір
27 наурыз, 2025 / BuginMedia / Аймақ

Алматы облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 1,6 млрд теңге жымқырған

«Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері 8 жылға сотталды,  деп хабарлайды buginmedia.kz Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысында  білім бөлімінің бухгалтерлері 1,6 млрд теңге жымқырған Алматы облысында  білім бөлімінің бухгалтерлері 1,6 млрд теңге жымқырған
Фото: istockphoto.com

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы заңдылық қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Талдықорған қалалық соты «Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ бас бухгалтері К. Құрманғалиеваға, сол бөлімнің бухгалтерлері А. Мұратова мен А. Қалабаеваға, «Қазпошта» АҚ аудандық учаскесінің бастығы А. Такенге, «Айдана» бөбекжай-бақшасы меңгерушісінің м.а. Н. Балғабаеваға және Жетісу облысы ІМАБ камералдық бақылау бөлімінің басшысы У. Жапабаевқа қатысты үкім шығарды

Құрманғалиева, Қалабаева, Мұратова және Такен білім бөлімі қызметкерлерінің шоттарына белгіленген жалақыдан артық аудару жолымен 1,6 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Балғабаева, Қалабаева балабақшада аудит жүргізбеу сылтауымен олардың ақшалай қаражатын иемденген Жапабаевқа пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Құрманғалиеваға 8 жылға, Қалабаева, Мұратова және Такенге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Балғабаева мен Жапабаевқа тиісінше 1,2 млн теңге және 1 млн теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Апта талқысында: