Депутаттың айтуынша, қазір МӘМС бойынша шешілмеген сұрақтар әлі көп.
«МӘМС-пен қамтылмаған 3,5 млн азамат, сапалы медициналық көмекке қолжетімділік, реттелмеген тарифтер проблемалары. Бұл мәселелерге мемлекет басшысы арнайы тоқталып, тиісті тапсырмалар берді», - деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Тағы бір мәселе – азаматтық қызметкерлердің айлығы мен жарымжан жандардың жәрдемақысы.
« Тағы бір үлкен сұрақ – жүздеген мың азаматтық қызметкердің жалақысының төмендігі мен 500 мың мүгедектігі бар адамның бүгінгі нарық пен бағаларға сай келмейтін жәрдемақы мәселесін де болашақта бірге қарастырып, шешетін боламыз», - деді Аймағамбетов.
Президент Ұлттық құрылтайда «Адал азамат» пен ұрпақ тәрбиелеу мәселесіне ерекше тоқталып өткен. Енді мұғалімдер мен барлық қоғам сапалы білім мен саналы тәрбие жұмыстарын одан әрі күшейтуі қажет, деп түйіндеді сөзін депутат.