Мәзір
13 наурыз, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Шымкентте зейнеткерді ұрып, жоғарғы қабаттың терезесінен лақтырып жіберген

Шымкентте зейнеткерді ұрып-соғып, үшінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Шымкентте зейнеткерді ұрып, жоғарғы қабаттың терезесінен лақтырып жіберген Шымкентте зейнеткерді ұрып, жоғарғы қабаттың терезесінен лақтырып жіберген
Фото: istockphoto.com

Шымкентте 12 наурызға қараған түні Қабанбай батыр көшесіндегі 11-үйдің ауласынан 77 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп жазады «Криминальный Казахстан» Telegram каналы.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол үшінші қабаттағы пәтерде екі танысымен ішімдік ішкен, алайда арты жанжалға ұласқан. Ер адамды ұрып-соғып, терезеден лақтырып жіберген, алған жарақаттарынан ол оқиға орнында қайтыс болды.

Полицейлер екі күдіктіні – 66 жастағы ер адам мен 44 жастағы үйсіз-күйсіз жүрген ер адамды ұстады. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі («Ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Апта талқысында: