Қайғылы оқиға 5 наурызда Жібек-Жолы – Жетісай тас жолында болды. Полиция экипажы жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндірген тәртіп бұзушыны қуған кезде апатқа ұшыраған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Қанат
Ғабитов оқиға орнында көз жұмды, ал тағы алты адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.