Педагогтердің жалақысы қалай артты?
2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 100%-ға көбейді. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға артты. Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мамандарға 30-35% үстемеақы қосылды.
Мұғалімдерге қандай үстемеақылар қарастырылған?
«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес, жалақыға қосымша үстемеақылар төленеді:
Педагог-шебер – 50%
Педагог-зерттеуші – 40%
Педагог-сарапшы – 35%
Педагог-модератор – 30%
Сонымен қатар, мұғалімдерге академиялық дәрежесі, тәлімгерлік етуі, спорттық сабақтар өткізуі үшін қосымша төлемдер беріледі.
Ауылдық жерлердегі мұғалімдерге қалалық әріптестеріне қарағанда 25%-ға жоғары жалақы төленеді.
2024 жылы 1 мөлшерлеме (16 сағат) бойынша орташа жалақы:
Қала мұғалімдері – 352 мың теңге
Ауыл мұғалімдері – 435 мың теңге
Егер мұғалім 1,5 мөлшерлеме (24 сағат) жұмыс істесе, орташа жалақысы 581 мың теңгеге дейін жетеді.
Мұғалімдерге ақшалай сыйақылар беріле ме?
Қазақстан – білім саласындағы жетістіктер үшін ақшалай марапат беретін санаулы елдердің бірі.
2023 жылы 89 мұғалім мемлекеттік сыйақы (3,6 млн теңге – 1000 АЕК) алды.
Марапатталғандар қатарында Еңбек ерлері, "Үздік педагог" байқауының жеңімпаздары бар.