Мәзір
9 ақпан, 2025 / BuginMedia / Спорт

Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды Қазақстан құрамасы шорт-тректен қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасы ерлер арасында 5000 метрден командалық эстафетадан чемпион атанды. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов жарыс жолына шықты.

Бастапқыда отандастарымыз үшінші орынды сақтады. Соңғы айналымдағы бұрылыста Корея құрамасының спортшысы қытайлық спортшымен соқтығысып, қазақстандық спортшы мәре сызығын бірінші болып кесті.

Айта кетейік, бұл Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азиа ойындарындағы алғашқы алтыны. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен Азиадада тұңғыш рет алтын алып отыр.

Апта талқысында: