Мәзір
Бүгін, 19:37 / BuginMedia / Спорт

Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында өлтіріп кетті

Бокстан екі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған оңтүстік африкалық Золани Тете 38 жасында қарулы шабуылдан қаза тапты. Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.

Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында өлтіріп кетті Бокстан бұрынғы әлем чемпионын үйінің маңында өлтіріп кетті
әлеуметтік желіден

Қайғылы оқиға жұма күні кешке Оңтүстік Африканың Шығыс Кейп провинциясындағы Мданцане қаласында болған.

Полиция мәліметінше, спортшы үйіне көлікпен келіп, қақпаның ашылуын күтіп тұрған кезде балаклава киген екі қарулы адам оған шабуыл жасаған. Тете көлігін аулаға кіргізбек болғанымен, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Оның көлігінде болған 27 жастағы әйел де бірнеше жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Шабуыл жасаған екі күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қылмысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Золани Тете кәсіби мансабында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақта және Халықаралық бокс федерациясы (IBF) нұсқасы бойынша екінші ең жеңіл салмақта әлем чемпионы атанған.

2017 жылғы 18 қарашада ол титулдық жекпе-жекте отандасы Сибонисо Гоньяны небәрі 11 секундта нокаутқа түсіріп, рекорд орнатқан. Бұл нәтиже чемпиондық атақ сарапқа салынған жекпе-жектер тарихындағы ең жылдам нокауттардың бірі ретінде тіркелді.

Золани Тете 2022 жылдан бері ресми жекпе-жек өткізбеген. Боксшыға допингке қарсы ережені бұзғаны үшін төрт жылға дисквалификация берілген. Оның дисквалификация мерзімі биыл шілдеде аяқталып, осыдан кейін Тете кәсіпқой рингке қайта оралуды жоспарлаған.

 

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2