Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады lada.kz.
Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.
Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болды.
Екі жер сілкінісінің ошағы да 68 шақырым тереңдікте жатыр.
Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.
Бүгін Ташкент маңызда жер сілкінісі болғаны хабарланды.