Мәзір
6 ақпан, 2025 / BuginMedia / Шоу-Бизнес

«Жақсы адамнан айырылып қалдық»: Баян Алагөзова күйеу баласы қайтыс болғанын айтты

Продюсер Баян Мақсатқызының күйеу баласы Әділжан Юсупов өмірден өтті, деп хабарлайды buginmedia.kz.

"Жақсы адамнан айырылып қалдық": Баян Алагөзова күйеу баласы қайтыс болғанын айтты "Жақсы адамнан айырылып қалдық": Баян Алагөзова күйеу баласы қайтыс болғанын айтты
Фото: видеодан алынды

Продюсер желіде оның жақсы адам, адал жар болғанын айтады.

"Бүгін біз Адиктен (Әділжан — ред.) айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жүрегіміз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!", - деп жазды стористе. 

Айта кетейік, Әділжан Юсупов – әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары. 

Әділжан Юсупов - отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған продюсер. Ол Қазақстан шоу-бизнесіндегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеген. 

Апта талқысында: