Мәзір
5 ақпан, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

«Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр»: Дулат Исабековтың жағдайы ауыр

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов жазушының халін сұрап үйіне барған, деп хабарлайды buginmedia.kz  Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.

«Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр»: Дулат Исабековтың жағдайы ауыр «Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр»: Дулат Исабековтың жағдайы ауыр
Фото: exclusive.kz

 

Қаламгердің айтуынша, белгілі жазушының қан қысымы көтеріліп, төсек тартып жатып қалған. Қасында қызы Шолпан мен дәрігерлер бар.

«Ол кісінің ауырып жатқанына біраз болды. Бүгін қан қысымы көтеріліп, жағдайы тіптен нашарлады. Хабарды ести сала Жазушылар одағының төрағасымен бірге үйіне жедел жеттік. Үйінің алдында екі жедел жәрдем көлігі тұр. Атамыз төсек тартып жатыр. Әрең сөйлейді, дегенмен біраз әңгімелесіп, қасында отырдық. Жанында балалары бар. Әсіресе Шолпан ерекше күтім жасап жатыр. Дәрігерлер де қасында», – деді Қасымхан Бегманов.

Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Жазушы әр жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор (1967-1968), Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы (1980-1988), Қазақ теледидарының бас директоры (1988-1992), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1995), Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры болып еңбек еткен.

Апта талқысында: