Мәзір
30 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Несиені уақытында төлей алмаған жағдайда не істеу керек?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиені уақытында төлей алмаған  жағдайда не істеу керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Несиені уақытында төлей алмаған жағдайда не істеу керек? Несиені уақытында төлей алмаған жағдайда не істеу керек?
Фото: istockphoto.com

Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау, яғни несие шартының талаптарын өзгерту қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы.

Қай кезде қайта несиені құрылымдауға болады?

Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:

табысы азайып немесе жұмыссыз қалу;

ауыр сырқат немесе мүгедектік;

декреттік демалыс;

әскери қызметке шақыру;

форс-мажорлық жағдайлар (өрт, мүліктің ұрлануы және т.б.).

Неғұрлым ертерек банкке жүгіну, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігін береді.

Өтінішті қалай беруге болады?

Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгіну қажет. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеу керек. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.

Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?

Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:

Несиенің мерзімін ұзарту – ай сайынғы төлемді азайтады, бірақ артық төлем сомасын көбейтеді;

Пайыздық мөлшерлемені төмендету – бұл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендеткен жағдайда іске асырылуы мүмкін;

Төлемдерді кейінге қалдыру – белгілі бір уақытқа төлемнен босатады, бірақ пайыздар есептеле береді;

Айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығару – банк оларды ішінара кешіруі мүмкін;

Қайтару тәртібін өзгерту – негізгі қарызды өтеуге басымдық беру.

Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?

Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе:

банк омбудсманына жүгінуге болады;

заңгерден кеңес алу;

қайта қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру, яғни бұрынғы несиені өтеу үшін тиімді шарттармен жаңа несие алу.

Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

Апта талқысында: