Мәзір
30 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Ұлттық қор – балаларға: балаларға қанша қаражат аударылғаны белгілі болды

Ұлттық банк «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 18 жасқа дейінгі балалардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) шоттарына кезекті қаржы аударылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Ұлттық қор – балаларға: балаларға қанша қаражат аударылғаны белгілі болды Ұлттық қор – балаларға: балаларға қанша қаражат аударылғаны белгілі болды
Фото:depositphotos.com

Бағдарлама аясында әр балаға 129,38 АҚШ доллары бөлінді. Барлық қатысушыға төленген жалпы сома – 888,8 млн АҚШ доллары. 2024 жылдың аяғында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 921 035 болды.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясындағы алғашқы төлемдер 2024 жылы жүргізілген еді. Ол кезде әр балаға 100,52 АҚШ доллары бөлінген. Бұл қаражат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 жасқа толмаған балаларға аударатын міндеттемесі.

Жыл сайынғы аударым мөлшері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтеріне және оның ұзақмерзімді инвестициялық табысына байланысты болады. Қаражаттың жартысы осы табыстан бөлінеді. Сонымен қатар, балалардың шотына аударылған қаражат Ұлттық қордың инвестициялық портфелінде сақталып, қосымша табыс әкеледі.

Апта талқысында: