Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан адамдар ерте шыға алады. Бұл тәсіл азаматтарға зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік береді.
Оған сәйкес, ер адамдар 55 жастан, ал, әйелдер 52 жастан бастап шыға алады. Шарт жасасу үшін БЖЗҚ-дағы жеке шотта белгілі бір соманы жинақтау қажет.
55 жастағы ер адамдар үшін 2024 жылы бұл жеткіліктілік шегі шамамен 8,5 миллион. 52 жастағы әйелдер үшін шамаман 11 миллион теңгені құрайды.