Ұлттық банктің 25 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 517,84 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,28 теңге. Еуро — 543,11.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 522,6 теңге. Еуро 541 теңгеден сатылып, 546 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,17 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.