Мәзір
25 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Пойыздарда интернет пайда болады: Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылды

Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімділікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады,  деп хабарлайды buginmedia.kz.

 

Пойыздарда интернет пайда болады: Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылды Пойыздарда интернет пайда болады: Қазақстанда жаңа пилоттық жоба іске қосылды
Фото: "Жолаушылар тасымалы" АҚ

25 қаңтардан бастап №3/4 «Астана-Алматы» пойызында заманауи спутниктік технологияларды қолдану арқылы ғаламтор қызметін ұсынатын пилоттық жоба іске қосылады.

Жолаушылар WhatsApp, YouTube және басқа да бейнеплатформаларды еркін пайдалана алады. Алайда, торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады.

Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі @jusanmobile жүзеге асырады.

Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:
● Жолсеріктерге арналған мобильді құрылғылар, олар билеттерді жылдам тексеруге мүмкіндік береді;
● Вагон-мейрамханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға арналған POS-терминалдар;
● Қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз ететін пойыз басшыларына арналған бейнетіркеуіштер;
● Вагондардағы жағдайды бақылауға арналған бейнебақылау жүйелері.

Бұл жоба Қазақстанның басқа бағыттарында да ғаламтор қызметін дамытуға жол ашады.
 

Апта талқысында: