Мәзір
24 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Әлеумет

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 25-27 қаңтарға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Фото: micetimes.asia

Қазақстан аумағында жоғары қысым әсерінен негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, ал түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжануда. Елдің басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: түнде 12-23, күндіз 5-13 градус аяз, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 0-10 градус, таулы аймақтарда 13-18 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады деп күтілуде.

Батыс өңірлерде түнде 7-17 градус аяз, күндіз 6 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында күтіледі.

Апта талқысында:

Buginmedia.kz

Мобильді қосымшалар

Жаңалықтарды жедел оқыңыз, push-хабарламалар алыңыз және сүйікті айдарларды оффлайн да бақылаңыз.

Buginmedia экран 1 Buginmedia экран 2