Мәзір
Бүгін, 15:43 / BuginMedia / Жаңалықтар

Доллар 6 теңгеге арзандады

 Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Доллар 6 теңгеге арзандады Доллар 6 теңгеге арзандады
Фото: pixabay

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 6,16 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 520,91 теңге.

Ұлттық банктің 22 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 527,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 546,15.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 524,9 теңге. Еуро 542 — 547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 526 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,27 аралығында саудаланып жатыр.

 

Апта талқысында: