Атлантикалық циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР басым бөлігіне жауын-шашын алып келеді, Қазақстанның батысына, оңтүстігіне қар және жаңбыр түрінде, қалған аумақтарында қар түрінде жауады. Тек еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте бұрқасын, батысында, оңтүстігінде – көктайғақ күтіледі.