Мәзір
14 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тұман, көктайғақ, жел: 14 қаңтарға ауа райы болжамы

Қазақстан аймақтарында 2025 жылғы 14 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тұман, көктайғақ, жел: 14 қаңтарға ауа райы болжамы Тұман, көктайғақ, жел: 14 қаңтарға ауа райы болжамы
Фото: tengrinews.kz

Синоптиктер болжамына сәйкес, антициклон сілемінің әсерінен ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Тек атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнде республиканың батысында, солтүстік-батысында қар, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Елдің солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп жел күтіледі", — делінген хабарламада.

Апта талқысында: