Қаңтар айының басында Сәтбаев қаласында жеке шаруашылықтардан ірі қара малдың ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Белгісіз біреулер саяжайларда орналасқан қоралардан сиырларды ұрлап кеткен.
"Ұрлық туралы алғашқы хабарлама 2 қаңтарда түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция күдіктілер тобын ұстады. Олардың арасында жәбірленушінің көршілері де болғаны анықталды.Күдіктілер түнде қораға кіріп, сиырларды алып шығып, қаладан 5 шақырым қашықтықта апарып сойған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.