"Біздің елдің білім беру жүйесі кез келген сын-қатерге дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл пандемия кезінде жинақталған тәжірибенің нәтижесі. Барлық колледждер мен мектептер мұндай жағдайларда қажетті құралдармен толық жабдықталған. Дегенмен, Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күту қажет деп ойлаймын. Егер шешім қабылданса, біз әрдайым қиындықтарға дайынбыз", — деді Ғани Бейсембаев Үкіметтегі брифингте.
Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) сұрау салғанын атап өтті.
"ДДСҰ бізге алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Бұл вирус ұзақ уақыттан бері елдерде айналымда жүр, оны емдеу жолдары бар. Профилактикалық шараларды жүргізу қажет. Біз осыған сүйенеміз. Бұл кезеңді бірге еңсеруіміз керек", — деді ол.