ЦАХАЛ 16 қазанда Газа секторының оңтүстігіне жасалған шабуылдан кейін Санварды өлтіргенін мәлімдеді.
«Яхия Синвар 2023 жылы 7 қазанда жаппай адам өлтіруді ұйымдастырып, іске асырып, соғыс басталғанға дейін де кейін өзінің қанды идеологиясын насихаттады. Көптеген израильдіктерді ұрлап әкетіп, өлтіруге себепкер болды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Израиль әскері ХАМАС-тың 3 жетекшісінің көз жұмғанын мәлімдеген еді.