Сейсенбі күні Сицзан автономиялық ауданы (САР, Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи (Тингри) уезінде болған 6,8 балдық жер сілкінісінен сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 126 адам қаза тауып, 188 адам жарақат алды.
Жер сілкінісінен кейін Джомолунгма тауының туристік аймағы уақытша жабылды.
Бұған дейін Қытайдың Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болғанын хабарланды.
Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендіктің 28,50 градусы мен шығыс бойлықтың 87,45 градусының координатасында орналасқан. Гипоцентр 10 км тереңдікте.