Мәзір
3 қаңтар, 2025 / BuginMedia / Жаңалықтар

Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өте ме деген сауалға жауап берді

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында "әлеуметтік желіде Сіз 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруыңыз мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген қауесет тарап жатыр. Осы қауесеттің негізі бар ма?" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды buginmedia.kz.

Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өте ме деген сауалға жауап берді Тоқаев кезектен тыс президент сайлауы өте ме деген сауалға жауап берді
Фото: видеодан алынды

"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін", - деді ол.

Апта талқысында: